"Бұл басқа деңгей". Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров маңызды мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұл басқа деңгей". Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров маңызды мәлімдеме жасады

"Бұл басқа деңгей". Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров маңызды мәлімдеме жасады

Бұл шешім ауадай қажет деді боксшы.

  • 12 Қараша 2021
  • 58
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) бұдан бұлай MTK Global менеджерлік компаниясымен жұмыс істемейтінін хабарлады, деп жазады Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

"Боксшының әр асқан белесі дамуының сипаты. Бұл менің спортшы ретіндегі мақсатым. Өзім бірнеше жыл серіктес болған МТК Global (Kazakhstan) компаниясымен келісімшартымды аяқтадым. Бірнеше жекпе-жектер өткіздік, тамаша жеңістерге қол жеткіздік. Осы командаға айтарым тек алғыс! Бұл шешім — мансабыма ауадай қажетті жаңа жолдың бастауы. Жақын уақытта жекпе-жек күтіңіздер. Қолдаушыларыма рақмет", — деп жазба қалды Instagram парақшасында боксшы.

Айта кетейік, Тұраров соңғы кездесуін 2019 жылы өткізіп, WBO белбеуін жеңіп алған еді. Бірақ 2021 жылы жекпе-жек өткізбеуіне байланысты бұл белбеуінен айырылды.

Соңғы жаңалықтар