«Бұл нағыз құбылыс, феномен»: Әлем мамандары қазақ боксшысы Махмұт Сабырхан туралы не айтып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бұл нағыз құбылыс, феномен»: Әлем мамандары қазақ боксшысы Махмұт Сабырхан туралы не айтып жатыр

«Бұл нағыз құбылыс, феномен»: Әлем мамандары қазақ боксшысы Махмұт Сабырхан туралы не айтып жатыр

Ресейлік «neKARATE» Youtube-каналы қазақстандық боксшы Махмұд Сабырханның Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатындағы кезекті жекпе-жегіне қатысты тағы да пікір білдірді.

  • 5 Қараша 2021
  • 2047
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

54 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда өнер көрсетен 20 жастағы қазақ боксшысы үндістандық Акаш Кумарды 5:0 есебімен таза ұтқан болатын.

«Тамаша дуэль. Жекпе-жек маған қатты ұнады. Бірінші раунда Сабырхан ерекше жұмыс істейді, көп қозғалады, оның басты ерекшелігі – жылдамдығы. Ол сізге үнемі қысым жасайды, салмақты бір аяқтан екіншісіне үнемі ауыстырып отырады, соққылардан өте қысқа қашықтыққа жылдам кетіп қала біледі және өзінің әрекеттерімен сізді шаршатып жіберетін қарқынды ойыншысы. Ол өз комбинацияларымен қарсыласын қобалжытады, шаршатады және шашады ,- деді автор.

Мамхмұт Сабырханнның жекпе-жегін көрген өзге сарапшылар да сан түрлі жағымды пікірлер айтқан болатын.Тіпті «қазақтың Ломаченкосы» деген теңеулер де айтылды.

Жалпы Сабырханың бокс өнерін көрген желідегі жанкүйерлер де көптеген пікірлер жаудырған.

Мысалы:

«Нағыз гений, бокс гениі, не деген керемет техника»

«Оның жекпе-жектерін көру бір ғанибет, жарайсың, әлемдік бокстың жарық жұлдызы»,

«Махмұд Сабырхан ерекше, талантты, Қазақстанда мұндай боксшыны көптен көрмеппін. Ол бұрын неге үлкен чемпионаттарға жіберілмеген»


«Махмұд бокстың жаңа жұлдызы»

«Бұл нағыз феномен, Махмұд өте алысқа барады дегеннен басқа сөз жоқ»

«Махмуд керемет, мен оған таң қалдым, ол бұрын қайда болды? Техникасы керемет!»

«Оны бірден жаттықтырушы қылу керек. Барлығы оның стилінде болар еді, сонда бізде барлығы алтын болады»

«Тым ақылды боксшы ондай боксшылар миллионнан бір туады»

«Қазақ боксшыларының жекпе-жегін тамашалау үлкен рахат сезімін сыйлайды. Таза жұмыс Техника мен тактика ерекше! Жастарға арналған оқу құралы! Махмұд Сабырханға мың алғыс! Алға Қазақстан!»

Еске салсақ, Махмұд Сабырхан әлем чемпионатында 4 жекпе-жек өткізді. Енді финалда бүгін жапондық Томою Цубоймен кездеседі. Сондай-ақ әлем чемпионатының финалына Сабырханнан бөлек тағы 3 боксшымыз өтті. 

 

 

Соңғы жаңалықтар