"Бұл оның деңгейі емес". Маман Жүкембаевқа Канадада қалу несімен қауіпті екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұл оның деңгейі емес". Маман Жүкембаевқа Канадада қалу несімен қауіпті екенін айтты

"Бұл оның деңгейі емес". Маман Жүкембаевқа Канадада қалу несімен қауіпті екенін айтты

Қазақстандыққа "Канелоның" промоутерлік компаниясы қызығып отыр.

  • 15 Мамыр 2019
  • 39
Фото - Caravan.kz


Алғашқы орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (15-0, 12 КО) Канададағы бокс деңгейінен өсіп кетті, сондықтан қарқынын жоғалтып барады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Delcotimes.com сайтының америкалық журналисті Джэк МакКаферри осындай пікір айтты.

Жүкембаев келесі жекпе-жегін мексикалық Луис Хесус Видалеске қарсы өткізеді. Кездесу 17 мамыр Монреальдағы бокс кешінде өтеді, кездесу форматы он раунд.

"Жүкембаев қарқынын жоғалтып барады. Оған тезірек америкалық нарыққа шығу қажет. Канадада ол көрерменнің сүйіктісіне айналған, бірақ, бұл оның деңгейі емес. Оған АҚШ промоутерлері қызығып отыр. Тәуекелге бел байлағандар сәттілікке жетеді. Ол өзін ары қарай да дамыта алады, алайда, оған үлкен өзгерістер керек. Олай болмағанда осы деңгейде қалып қояды", — деп атап өтті МакКаферри.

Еске салайық, 28 жастағы Жүкембаев кәсіпқойдағы алғашқы жекпе-жегін 2015 жылы Канадада өткізді. 16 наурыздағы соңғы кездесуінде ол мексикалық Хильберто Месаны (10-6-1, 6 КО) төрешілер шешімімен жеңді. Қазақстандыққа АҚШ промоутерлері қызығушылық танытқан, ал оның менеджері Анна Рева америкалық нарыққа өтетіндері туралы бірнеше рет айтқан.

Соңғы жаңалықтар