Жарияланды: 720

Бурабайда А.Винокуровтың қатысуымен үшiншi қайырымдылық веложарыс басталды

Бурабайда А.Винокуровтың қатысуымен үшiншi қайырымдылық веложарыс басталды

Бурабай курорттық аймағында дәстүрге айналған  "Rixos Бурабай-2015" қайырымдылық веложарысы басталды.

Әдеттегiдей, веложарысқа мыңдаған қарапайым тұрғындармен қатар, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров та қатысып жатыр.

"Бiздiң қор бұл iс-шараға осымен екiншi жыл қатысып отыр. Былтыр осы қайырымдылық шарасының арқасында 87 млн теңге қаржы жиналған едi. Екi жыл iшiнде веложарысқа 400-дей адам қатысты. Жалпы, осы екi жыл iшiнде 100 млн теңгеге жуық қаражат жиналса, оның екi млн теңгесi қарапайым адамдардың жеке салымынан жиналды. Былтыр жиналған 87 млн теңге Ақмола облысы мен Қызылорда облысының перинаталды орталықтарына тапсырылды,  Көкшетау қаласындағы  перинаталды орталығы шала туған сәбилердiң өмiрiн сақтайтын құрал сатып алды. Ал, бүгiнгi веложарыстан түсетiн қаржы Щучье қаласындағы "Балалар үйi" мен Көкшетау қаласындағы мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған интернатқа берiледi",-деп хабарлады баспасөз мәслихатының барысында "Асыл мирас"  қайырымдылық қорының директорв Марат Айтмағамбетов.

Ал, Александр Винокуров бұл қайырымдылық шарасы материалдық көмекке мұқтаж балалармен қатар, басқа жастарға салауатты өмiр салтын дәрiптеп, биiк мақсаттарға жетелейтiнiн айтты. Биыл Олимпиада чемпионы қайырымдылық жарысқа өзi ғана емес, отбасын ерте келген екен.

"Осы қайырымдылық шарасына бiздiң велокоманданың қатысуы, соның iшiнде, "Тур де Франс" жеңiмпазы Винченцо Нибалидiң қатысуы қуантады. Биыл қайырымдылық шарасын екi дүркiн Олимпиада чемпионы Илья Ильин де қолдап, Бурабайға келдi. Риодағы Олимпиадаға дұрыс дайындық керек қой, сондықтан, бүгiн  бiзбен бiрге велосипед тебемiн деген Ильяны бұл ойынан әрең қайтардық",-деп қалжыңдады А.Винокуров.

Айта кетейiк, "Rixos Бурабай-2015" қайырымдылық шарасын Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қолдауымен "Rixos Borovoe" қонақ үйi мен Болат Өтемұратовтың "Асыл Мирас" қайырымдылық қоры бiрлесе ұйымдастырып отыр. Болат Өтемұратовтың 2014 жылы өз идеясымен құрылған қоры денсаулық сақтау, бiлiм беру мен мәдениеттi дамыту салаларында осындай қайырымдылық шараларын өткiзiп келедi. Қор жұмысының басым бағыты - балаларға жан-жақты көмектесу.

null
null
null
null

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін