Жарияланды: 890

Бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинді сынға алды

Бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинді сынға алды

Дмитрий Пирогтың пікірінше, Головкин боксшы ретінде дамып жатқан жоқ

Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Дмитрий Пирог (20-0, 15 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Prosports.kz.-ке сілтеме жасап. 

"HBO Головкиннен құбыжық жасады. Телеарна да, сарапшылар да оны әр жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтайтын құбыжыққа теңеді. Тіпті, Майк Тайсонның жас кезіне ұқсатты. Оның мексикалық мәнерде жұдырықтасатынын айтты. Бірақ менің байқауым бойынша, Гена бұл образға кіріп кеткені соншалық, барлығы психологиялық тұрғыда жұмыс істейді. 

Головкин, өкінінше қарай, боксшы ретінде дамып жатқан жоқ. Өз басым мұны көрмедім", — деді Дмитрий Пирог ресейлік тілші Владислав Усачевтің YouTube арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамырда өтеді деп жоспарланып отыр.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін