Чемпиондар Лигасы: "Астана" қарымта кездесуде "Спартакпен" тең түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Чемпиондар Лигасы: "Астана" қарымта кездесуде "Спартакпен" тең түсті

Чемпиондар Лигасы: "Астана" қарымта кездесуде "Спартакпен" тең түсті

Футболдан Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойынында "Астана" Латвияның "Спартак" командасымен тең түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

  • 19 Шiлде 2017
  • 504
Фото - Caravan.kz

Есеп 1:1. Ойынның 59 минутында Патрик Твумаси есеп ашты. Араға 13 минут сала (ойынның 72 минутында) Эдгар Варданян есепті теңестіріп кетті.

Бірінші таймда "Астана" ойыншылары басымдылыққа ие болды. Алаң иелері қарсыластар қақпасына 13 соққы жасады, ал латвиялықтар — бес рет. "Астаналықтар" допты қақпаға дәл тигізді, ал "Спартак" небәрі бір рет. 

Үшінші айналымда "Астана" "Легия" (Польша) — "Мариехамн" (Финляндия) жеңімпазымен кездесетін болады. Бірінші ойында поляктар қарсыластарын 3:0 есебімен жеңген болатын. 

Еске слаайық, футболдан Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі бірінші ойында "Астана" Латвияның "Спартак" командасын 1:0 есебімен жеңді. Юрмалада өткен кездесуде жеңіс голын Патрик Твумаси соқты. 

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ алға ұмтылған "Астана" алаң иелері қақпасына жиі шабуылдаумен болды. "Спартак" ойыншылары Александр Мокин қорғаған қақпаға қауіп төндіре қойған жоқ. Дегенмен бірінші 45 минутта есеп ашылмады.

Айта кетейік, "Астана" Чемпиондар лигасына үшінші жыл қатарынан қатысып отыр. 2015/2016 жылғы маусымда кәрі құрлықтың басты додасы саналатын жарыстың топтық кезеңінде ойнады. Өткен жылы үшінші іріктеу кезеңіне дейін жетіп, Шотландияның "Селтик" командасына жол беріп алған-ды. Дегенмен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған еді. Елордалық команда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған тұңғыш қазақстандық команда. Биыл да топтық кезеңге шығуды мақсат тұтып отыр. 


Соңғы жаңалықтар