Чемпиондар лигасы: Жартылай финалдың жеребесі тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Чемпиондар лигасы: Жартылай финалдың жеребесі тартылды

Чемпиондар лигасы: Жартылай финалдың жеребесі тартылды

[wpcode id="1694287"] Бүгін, 21 сәуірде Швейцарияның Ньон қаласындағы UEFA штаб пәтерінде Чемпиондар лигасы жартылай финалының жеребесі

  • 21 Сәуiр 2017
  • 438
Фото - Caravan.kz


Бүгін, 21 сәуірде Швейцарияның Ньон қаласындағы UEFA штаб пәтерінде Чемпиондар лигасы жартылай финалының жеребесі тартылды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның қорытындысы бойынша, мадридтік "Реал" өз жерлестері "Атлетико" командасымен кездеседі, ал екінші жұпта франциялық "Монако" италиялық "Ювентуспен" ойнайды.

Жартылай финалдың алғашқы ойындары "Реал" мен "Монако" алаңдарында 2 және 3 мамырда өтеді. Қарымта кездесулер бір аптадан кейін.

Чемпиондар Лигасының финалы Уэльстің астанасы Кардиффтегі "Ұлттық стадинда" болады.

Айта кетейік, "Реал" мен "Атлетико" 2015/16 және 2013/14 жылдардағы Чемпиондар лигасының финалында кездескен. Екі кездесуде де "Реал" басым түскен болатын.

Бүгін Ньонде Еуропа Лигасы жартылай финалының да жеребесі тартылады. Оның басталуы Астана уақыты бойынша 17:00-де.

 

Соңғы жаңалықтар