«China Open-2011»: қазақстандық спортшылар тоғыз медаль қанжығалады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«China Open-2011»: қазақстандық спортшылар тоғыз медаль қанжығалады

«China Open-2011»: қазақстандық спортшылар тоғыз медаль қанжығалады

Бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы «China Open-2011» ІІ халықаралық турниріне қатысқан Қазақстан ұлттық құраманың спортшылары олжалы оралды.

  • 6 Маусым 2011
  • 477
Фото - Caravan.kz

Олар үш алтын, екі күміс және төрт қола, барлығы 9 медаль қанжығалап қайтты.

«3 маусымда Гуянгта (Қытай) аяқталған жарысқа әлемнің 19 елінен 146 спортшы қатысты», — деп хабарлады Қазақстанның бокс федерациясынан.

Қазақстандық жігіттер 9 салмақ санатында өнер көрсетіп, 8 медаль жеңіп алды.

Атап айтқанда, 60 келі салмақта — Самат Башенов, 64 келі салмақта — Данияр Елеусінов, 75 келі салмақта Нұрдәулет Жарманов алтын еншіледі.

Асқар Абдуллаев (81 келі салмақта) пен Досжан Оспанов (+91 келі салмақ санатында) күміс медаль қанжығаласа, Нұрбол Қалжанов (56 келі), Бақытжан Қожабеков (69 келі) және Александр Гулевский (91 келі) қоланы қанағат тұтты.

Боксшы қыздарымыз үш салмақ санатында өнер көрсетіп, 51 келі салмақ санатында Жайна Шекербекова ғана күміске қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар