Cөзсіз нокаут кез келген секундта және минутта болады - Хулио Сезар Чавес - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Cөзсіз нокаут кез келген секундта және минутта болады - Хулио Сезар Чавес

Cөзсіз нокаут кез келген секундта және минутта болады - Хулио Сезар Чавес

Әйгілі мексикалық 56 жастағы боксшы Хулио Сезар Чавес орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өтетін екінші кездесуі қалай өтетіні туралы өз пікрін білдірді.

  • 17 Тамыз 2018
  • 34
Фото - Caravan.kz


Бұл уралы Vesti.kz. жазды.

"Менің ойымша жекпе-жек жақын қашықтықта өтеді, сөзсіз нокаут кез келген секундта және минутта болады. Бірақ мен былай ойлаймын: "Канело" жақсылап дайындалып, ақылмен жұмыс істеп, көбірек соққы жұмсайтын болса, ол жеңіске жетеді. Бірақ мұны жекпе-жек кезінде істеу өте қауіпті.

Екеуі үшінде бұл ауыр жекпе-жек. Бірін бірі жақсы біледі. Бірінші жекпе-жекке ұқсас болатыны сөзсіз. Мексикалық боксшы шаршы алаңнан жеңімпаз болып шығатынына үміттенеміз", — деді Чавес.

Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді.

Соңғы жаңалықтар