Дакар-2013: «Астана» екі экипажынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дакар-2013: «Астана» екі экипажынан айырылды

Дакар-2013: «Астана» екі экипажынан айырылды

Бүгін Чилидің Арика - Калама қалалары арасында өткен «Дакар-2013» ралли-марафонының алтыншы кезеңі аяқталды,

  • 11 Қаңтар 2013
  • 326
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Vesti.kz қазақстандық команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алайда, 767 шақырымдық бұл кезеңде 406 нөмірлі қазақстандық команданың экипажы мәреге келген жоқ.

Андрей Чередников пен венгр Хорн Альберт мінген Gforce жол талғамайтын көлігінде раллидің бірінші кезеңдерінде-ақ техникалық ақаулар байқалған болатын. Соған қарамастан, «Астана» пилоттары бірнеше кезең бойы мәреге жетіп жүрді. Бірақ экипаж тағы бір техникалық кемшіліктерден кейін дистанциядан шығып, Қазақстанға оралу жөнінде шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, төртінші кезеңде мәреге 100 шақырым қалған кезде Чередниковтің көлігінде ажырату педалі істен шыққан болатын. Соның салдарынан олар тоқтауға мәжбүр болды. Ал оның жарысты жалғастыратыны немесе жалғастырмайтыны соңғы уақытқа дейін белгісіз болып келді.