Vesti.kz хабарлағандай, Артур Ардавичус, Алексей Никижев және Нұрлан Тұрлыбаевтан құралған қазақстандық команда Пискодан Наскаға дейінгі 343 шақырым жерді 3 сағат 14 минут 43 секундта жүріп өтті.
Кезеңнің жеңімпазы үшінші мәрте «Дакардың» қазіргі чемпионы Iveco-ға мінген голландиялық Жерар Де Рой болды. Екінші орында тізгінін пилот Эдуард Николаев ұстаған «КАМАЗ-Мастер» көлігіндегі ресейлік команда. Iveco-да өнер көрсететін итальяндық Мики Бьязьон үшінші келді.
Үш кезеңнен кейінгі жалпы есепте Де Рой көш бастап тұр, одан кейін Tatra көлігінде чехиялық шабандоз Алеша Лопрайс келеді. Үшінші орынға Бьязьон орналасты.
«Дакар-2013» ралли-марафоны. 3-інші кезең. Жүк көліктері.
Писко — Наска, 343 шақырым (арнайы учаске — 243 шақырым):
1. Жерар Де Рой (Голландия, Iveco) — 2:55:58;
2. Эдуард Николаев (Ресей, KAMAZ) — 2:57:22 (+1:24);
3. Мики Бьязьон (Италия, Iveco) — 2:58:29 (+2:31);
4. Алеш Лопрайс (Чехия, Tatra) — 3:00:41 (+4:43);
5. Питер Верслейс (Голландия, MAN) — 3:02:30 (+6:32);
…
9. Артур Ардавичус (Қазақстан, KAMAZ) — 3:14:43 (+18:45).
Үш кезеңнен кейінгі жалпы есеп:
1. Жерар Де Рой (Голландия, Iveco) — 6:23:15;
2. Алеш Лопрайс (Чехия, Tatra) — 6:30:14 (+6:59);
3. Мики Бьязьон (Италия, Iveco) — 6:36:41 (+13:26);
4. Эдуард Николаев (Ресей, KAMAZ) — 6:44:59 (+21:44);
5. Питер Верслейс (Голландия, MAN) — 6:51:36 (28:21);
…
9. Артур Ардавичус (Қазақстан, KAMAZ) — 07:29:59 (+1:06:44).