Данияр Елеусінов бесінші жеңісінің құпиясын ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Данияр Елеусінов бесінші жеңісінің құпиясын ашты

Данияр Елеусінов бесінші жеңісінің құпиясын ашты

 

  • 25 Қараша 2018
  • 25
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) Монте-Карлодағы (Монако) бокс кешінде никарагуалық Маркос Мохиканы (16-3-2, 12 КО) нокаутқа түсірген жеңісі туралы пікір білдірді, деп жазады Sports.kz.

 «Бақыттымын, өте жақсы өнер көрсете алдым. Джон Дэвид Джексонның қоластында шеберлігім арта түскенін байқап жүрмін. Баршаға, командама, Эдди Хирнге рахмет! Өз күшіме сенемін бе? Мен көбірек дер кезінде ұра алатыныма сенемін. Жалпы, Монте-Карлодағы жекпе-жекті өз басым тамаша өткіздім, бұл үлкен шоу, жаңа деңгей», — деді Елеусінов. Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов үшін бүгінгі жеңісі кәсіпқой мансабындағы үшінші нокаут болды. Бұған дейін екі америкалықты нокаутпен жеңген: Ноа Киддті (3-1-1, 2 КО) үшінші раундта, Мэтт Доэртиді (8-6-1, 4 КО) бірінші раундта-ақ тізе бүктірді.



 

Соңғы жаңалықтар