Жарияланды: 40

Данияр Елеусінов: Головкиннен асып түскім келеді

Данияр Елеусінов: Головкиннен асып түскім келеді

Олимпиада чемпионы басты арманы абсолютті, жеңілмеген әлем чемпионы болу екенін айтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, 2016 жылғы олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (1-0, 1 КО) өзінің атақты отандасы, орта салмақтағы WBA/WBC/IBF тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкиннің жетістігінен де жоғары межеге қол жеткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Sputniknews.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

"Головкин Қазақстанда өте танымал және адамдар Қазақстан жайлы айта бастағанда бәрі GGG-ді еске алады. Сондай болу менің мақсаттарымның бірі. Қазақстан туралы әңгіме болғанда менің атым аталғанын қалаймын. Головкин менің елімдегі барлық боксшыға есік ашып берді, бәріміз оның жолын қууды армандаймыз.  

Алайда менің өз жолым бар, тіпті одан да зор нәтижеге жетсем бе деймін. Менің арманым – абсолютті, жеңілмеген әлем чемпионы болу. Ең алдымен, өз елімді танытқым келеді, бұл менің алғашқы масатым, егер бәрі ойдағыдай болса, мен бұл деңгейде ұзақ уақыт боламын. Мен спорттың бұл түрін және өз жұмысымды жақсы көремін", — деп Sky Sports Даниярдың сөзінен үзінді келтірген.

6 маусымда Лондонда Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді, оның қарсыласы венгер боксшысы Габор Горбич (24-11, 14 КО) болады.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін