Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі алдында ағылшын тілінде баспасөз жиынын өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі алдында ағылшын тілінде баспасөз жиынын өткізді

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі алдында ағылшын тілінде баспасөз жиынын өткізді

Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін ертең өткізеді.

  • 27 Сәуiр 2018
  • 53
Фото - Caravan.kz

Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов 28 сәуір күні Нью-Йорк қаласындағы Barclays Center спорт кешенінде өтетін бокс кешінің алдында баспасөз отырысына қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Астана уақытымен бокс кеші 29 сәуір күні таңертең өтеді. 27 жастағы Елеусінов орта салмақтағы америкалық Дэниел Джейкобс (33-2, 29 КО) пен полшалық Мацей Сулецки (26-0, 10 КО) арасындағы бокс кешінің андеркартында өнер көрсетеді.

"Маған үнемі қолдау білдіріп отырған командам мен қазақстандық жанкүйерлерге алғысымды айтым келеді. Сенбі күні Barclays спорт кешенінде өтетін бірінші кездесуімді асыға күтіп отыр", — деді Елеусінов баспасөз жиыны кезінде.

Еске салайық, наурыз айының басында Елеусінов Джейкобстың жекпе-жектерін ұйымдастыратын атақты британдық промоутер Эдди Хирнмен келісімшарт жасаған еді. Келісімшарт бойынша қазақстандық боксшы бірінші жылы жеті кездесу өткізуі керек.

 

Ұқсас тақырып:

"Елеусіновті ертерек ұрып құлатқым келеді
Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі 28 сәуірде өтеді.
"Қазақстандық алтын бала". Америкалық промоутер Елеусіновке таң қалды
Соңғы жаңалықтар