Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жеңісін тойлады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жеңісін тойлады

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жеңісін тойлады

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Лондонда өткен бокс кешінде отандасымыз мажар боксшысы Золтан Шабоны жеңді.

Жекпе-жек жоспарланған 6 раундқа созылды. Алғашқы сәттерден бастап-ақ басымдықты ұстаған Данияр соңғы сәттерге дейін қарсыласын қыспаққа алумен болды. 2 жыл ішінде 34 жекпе-жек өткізіп үлгерген Золтан да шыдап бақты. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша отандасымыз жеңіске жетті, деп хабарлады  vesti.kz

  • 7 Маусым 2018
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бір қызығы Золтан Шабо 5 күн бұрын ғана жекпе-жек өткізіп, өз елінде жеңіске жеткен екен. Ал Данияр болса Лондонда өзге бір венгр боксшысы Габор Горбичпен жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда ол кездесуге бірер күн қалғанда жарақат алып қалды.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуір күні өткізді. Нью-Йоркте өткен бокс кешінде америкалық боксшы Ноа Кидті 3 раундта техникалық нокаутпен ұтты.

Қазақстандық боксшы келесі кездесуін қашан өткізетіні де белгілі болды. 28 шілде күні Лондонда аса ауыр салмақта британдық Диллиан Уайт пен кубалықЛуис Ортис жұдырықтасады. Данияр осы бокс кешінің андеркартында шаршы алаңға шығады. Қарсыласы алдағы уақытта анықталатын болады.

 

Оқи отырыңыз:

Головкин әлем чемпионы белдігінен айырылды

Соңғы жаңалықтар