Данияр Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралу туралы шешім қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Данияр Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралу туралы шешім қабылдады

Данияр Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралу туралы шешім қабылдады

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Боксшы Рио олимпиадасынан кейін кәсіпқой боксқа ауысатынын хабарлаған болатын. Тіпті австралиялық промоутерлік компаниямен де келісім-шартқа отырға

  • 23 Шiлде 2017
  • 569
Фото - Caravan.kz

Боксшы Рио олимпиадасынан кейін кәсіпқой боксқа ауысатынын хабарлаған болатын. Тіпті австралиялық промоутерлік компаниямен де келісім-шартқа отырған. Алайда Иван Дычко екеуінің алданып қалғаны кейін белгілі болды.

Айта кетейік, қаңтар айында белгілі болғандай олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычко ақпан айында АҚШ-та жаттығу жұмыстарына кірісіп, мамыр айында Қытайда бірінші жекпе-жектерін өткізу керек еді. Ал шығынды толық промоутерлік компания өз мойынан алуы керек болған.

Бұдан кейін аса ауыр салмақта өнер көрсететін Дычко бәрібір бағын кәсіпқой бокстан іздейтінін ұқтырып, америкалық орталықпен келісімге келген. Ал құраманың экс-капитаны Данияр болса, біраз уақыт ойланудан кейін олимп шыңын екінші рет бағындыру үшін, құрама сапына қайта оралуды дұрыс деп тауыпты.


Боксшының айтуынша ол ұлттық құрама қатарына ресми түрде күзде өтетін әлем чемпионатынан кейін қосылмақ.

“Нақты қай турнирден бастайтынымды бапкерлермен ақылдасатын боламыз. Ал өз басым кәсіпқой боксқа араласпағаныма еш өкінбеймін. 69 келіде бәсекелестік әрқашан жоғары болған. Бәсекелестіктің болуы спортшыны тек шыңдай түседі”, – дейді ол.

Еске салайық, Данияр кеткеннен кейін 69 келіде кімнің көшбасшы болатыны әлі де болса нақтыланбаған еді. Деседе бұл салмақтың бірінші нөмірі болуға Абылайхан Жүсіпов, Садриддин Ахметов, Асланбек Шымбергенов секілді спортшылар үміткер. Сондықтан Даниярға бұрынғы мәртебесін сақтап қалу оңайға түспегелі тұр.

Соңғы жаңалықтар