Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін «Хабар» тікелей эфирден көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін «Хабар» тікелей эфирден көрсетеді

Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін «Хабар» тікелей эфирден көрсетеді

6 маусым күні Лондон қаласындағы Йорк-холл орталығында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.

  • 25 Мамыр 2018
  • 47
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 «Хабар» телеарнасы бұл кездесуді 6 маусымнан 7 маусымға қараған түні сағат 01.55-те тікелей эфирден көрсетеді. Әзірге қазақстандық боксшының қарсыласы белгісіз. Қазіргі таңда Данияр Флоридадағы жаттығу алаңында өзінің жеке бапкері Джон-Дэвид Джексонның жетекшілігімен дайындалып жатыр. Сондай-ақ, таяу уақытта Даниярдың жаттығу алаңына әкесі, жаттықтырушы Марат Елеусінов пен ағасы, орта салмақта өнер көрсететін, кәсіби боксер Дәурен Елеусінов те қосылады. «Флоридада жаттығып, Джон-Дэвидтен сабақ алу керемет. Мен күн сайын жақсы кәсіби боксшы болуыма көмектесетін жаңа дүниелерді үйреніп жатырмын. 6 маусымдағы жекпе-жегімді асыға күтіп жүрмін» — деп ой бөлісіті Данияр Елеусінов.

«Әуесқой бокста ең бастысы — бал жинау, бірақ мен бұл кездесу барысында Даниярдың жинақы, қатал, қарсыласына соққыларын барынша дөп тигізуді ойлағанын қалаймын»- дейді Джон-Дэвид Джексон. Данияр кездесуін жартылай ауыр салмақтағы WBA Continental және Британдық серіктестіктің чемпионы белбеуіне таласатын Лоуренс Околи мен Люк Уоткин арасындағы жекпе-жектің алдында өткізеді.

 

Оқи отырыңыз:

Министр: Мен аты аңызға айналған Головкинге рахмет айтқым келеді
«Өзі кигісі келмей, Гүлнұрға бере салған ғой»: Қарақаттың сыйлығы жұртқа ұнамай қалды

Лифтідегі би: Алматылық ұры велосипед ұрлаймын деп күлкіге қалды

 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера