Данияр Елеусіновтың алғашқы жекпе-жегі қайда өтетіні мәлім болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Данияр Елеусіновтың алғашқы жекпе-жегі қайда өтетіні мәлім болды

Данияр Елеусіновтың алғашқы жекпе-жегі қайда өтетіні мәлім болды

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Қытайда өткізбек. Бұл туралы MJA Entertainment's промоутерлік компаниясының басшысы Майк Алтамура Fightnews.com басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

  • 13 Қаңтар 2017
  • 854
Фото - Caravan.kz

Ол алғашқы жекпе-жектің мамыр айында Пекин қаласында өтетінін айтты. Айта кету керек, Елеусінов ресми келісім шартқа ақпан айында қол қояды. Қазақстандықтың промоутері екі жылда Даниярды әлем чемпионы қылмақ.

«Жоспар бойынша, екінші немесе үшінші жекпе-жекте Елеусінов аймақтық белбеу үшін жұдырықтасады. Екі жылда әлем чемпионы атанады. Осындай талантты боксшыларды тасада тығып, рингке жібермей отыруға болмайды. Промоутер ретінде дұрыс қадам жасап, кәсіпқой боксқа үйрену үшін уақыт беру керек. 18 айда ол кәсіпқой боксқа төселіп, екі жылда әлем чемпионы атанатынына сенімдімін», — деді Алтамура.

Елеусіновтың кәсіпқой бокстағы жеке бапкері ретінде әкесі Марат Елеусінов болатыны белгілі болды. Сонымен қатар, америкалық мамандар да жаттығу жұмыстарына көмектеспек. Боксшы Флоридада дайындық жүргізеді


Соңғы жаңалықтар