Данияр Елеусіновтың ендігі қарсыласы ешқашан жеңіліп көрмеген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Данияр Елеусіновтың ендігі қарсыласы ешқашан жеңіліп көрмеген

Данияр Елеусіновтың ендігі қарсыласы ешқашан жеңіліп көрмеген

Ұлыбританиялық Matchroom промоутерлік компаниясы қазақстандық чемпион Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО) келесі жегі қашан өтетінін ресми түрде хабарлады, - деп жазады Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, Елеусінов 13 қыркүйекте Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы Hulu Theather залында жеңіліп көрмеген 34 жастағы Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) кездеседі.

Айта кетейік, жекпе-жекті DAZN тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кешінің басты қонақтары - америкалық Девин Хэйни (22-0, 14 КО) мен ресейлік Заур Абдуллаев (11-0, 7 КО). Ал қазақстандық боксшы кештің андеркартында жұдырықтасады.




Елеусінов соңғы жекпе-жегін 25 мамырда Мэрилэнд штатында чили боксшысы Луис Норамбуэнуны (3-4-1, 0 КО) жеңген болатын. Алдағы жекпе-жек қазақстандық боксшының АҚШ-тағы бесінші жекпе-жегі болмақ.

  • 21 Тамыз 2019
  • 35
Фото - Caravan.kz

Бұл қазақстандық боксшы үшін кәсіпқойдағы сегізінші жекпе-жегі.

Ұлыбританиялық Matchroom промоутерлік компаниясы қазақстандық чемпион Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО) келесі жегі қашан өтетінін ресми түрде хабарлады, — деп жазады Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, Елеусінов 13 қыркүйекте Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы Hulu Theather залында жеңіліп көрмеген 34 жастағы Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) кездеседі.

Айта кетейік, жекпе-жекті DAZN тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кешінің басты қонақтары — америкалық Девин Хэйни (22-0, 14 КО) мен ресейлік Заур Абдуллаев (11-0, 7 КО). Ал қазақстандық боксшы кештің андеркартында жұдырықтасады.



Елеусінов соңғы жекпе-жегін 25 мамырда Мэрилэнд штатында чили боксшысы Луис Норамбуэнуны (3-4-1, 0 КО) жеңген болатын. Алдағы жекпе-жек қазақстандық боксшының АҚШ-тағы бесінші жекпе-жегі болмақ.

Соңғы жаңалықтар