Даңқты қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовтың әлем чемпионатына қатыспайтыны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Даңқты қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовтың әлем чемпионатына қатыспайтыны белгілі болды

Даңқты қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовтың әлем чемпионатына қатыспайтыны белгілі болды

Жанкүйерлер арасында “Акула” лақап атымен танымал даңқты қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовтың әлем чемпионатына қатыспайтыны белгілі болды.

  • 13 Тамыз
  • 2058
Фото: sport.akipress

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

77 кг салмақ дәрежесінде екі мәрте әлем чемпионы атанған әйгілі қырғыз балуаны Ақжол Махмудов грек-рим күресінен өтетін 2025 жылғы әлем чемпионатына қатыспайтын болды. Аталмыш турнир 13–21 қыркүйек аралығында Хорватияның Загреб қаласында өтеді.

Қырғызстанның күрес федерациясының мәліметінше, спортшы жарысқа толық дайын емес. Сол себепті ол бар күшін қараша айында өтетін Ислам ынтымақтастығы ойындарына салуды жөн көрген.

Махмудов Жапонияда өткен Қырғызстан құрамасының оқу-жаттығу жиындарына қатысқанымен, визалық мәселелерге байланысты Польшада өткен халықаралық турнирде өнер көрсете алмады.

Айта кетейік, Ақжол Махмұдов грек-рим күресінен әлемнің екі дүркін, Азияның үш дүркін чемпионы. Ол Токио Олимпиадасының күміс жүлдесін иеленген.

Ал өткен жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының ширек финалында Ақжол қазақ балуаны Демеу Жадыраевтан жеңіліп, қола медаль еншіледі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера