Дәурен Орынбаев "Еркін пирамида" түрінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәурен Орынбаев "Еркін пирамида" түрінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Дәурен Орынбаев "Еркін пирамида" түрінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Алматыда 30 маусым мен 3 шілде аралығында бильярд спортының "Еркін пирамида" түрінен Х Азия чемпионаты өтті.

  • 4 Шiлде 2011
  • 553
Фото - Caravan.kz

Достық спорт кешенінде болған дәстүрлі бұл додада биыл ақтық сында Андрей Фрейзе мен Дәурен Орынбаев кездесті. Бұл ойында 7:5 есебімен жеңіске жеткен ресейлік спортшы осымен екінші рет Азия чемпионы атанып отыр. Бұған дейін ол 2002, 2004 жылдары, 2003 жылы Евгений Сталев, 2005 жылы Қаныбек Сағындықов, 2006 жылы Кирилл Анищенко, 2007 жылы Владимир Вайнцвайг, 2008 жылы Әлихан Қаранеев, 2009 жылы Евгений Курта жеңімпаз атанған еді.

Жүлде қоры 20 мың АҚШ долларын құрайтын бұл байрақты бәсекеде Азия чемпионы — 5 мың, күміс жүлдегер — 3 мың, қола жүлдегер атанған 2 спортшы 2 мың доллардан алды. Ал 5-8 орын алғандар — 900, 9-16 орын алғандарға — 550 доллардан үлестірілді. Былтыр 17-20 маусымда Ақтауда өткен IX Азияның ашық чемпионатында ақтық сында «Еркін пирамидадан» 2010 жылғы Ресей чемпионы Андрей Фрейзе, «Құрастырмалы пирамидадан» Қазақстанның 2010 жылғы вице-чемпионы Жамол Жұманиязовпен кездескен еді. Онда Андрей 7:6 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар