Жарияланды: 350

ДБА Владимир Кличко мен Александр Поветкиннің жекпе-жегін 27 ақпаннан кешіктірмей өткізуді міндеттеді

Дүниежүзілік бокс ассоциациясының басшылығы украиналық Владимир Кличко мен ресейлік Александр Поветкиннің суперауыр салмақта әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегін 2013 жылдың 27 ақпанынан кешіктірмей өткізуді міндеттеді. Мұндай шешім Индонезия астанасы Джакартадағы Ұйым конгресінде қабылданды.

33 жастағы ресейліктің промоутерлері 36 жастағы Владимир Кличкомен айқасты ұйымдастыруға құлшынып отыр. Жекпе-жек соңында тағы басқа екі абыройлы нұсқа - Кличко иеленіп үлгерген Халықаралық бокс федерациясы және Дүниежүзілік бокс ұйымы бойынша титулдардың иесі анықталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін