Де Ла Хойя Альварестің Головкинге қарсы жекпе-жегін ұйымдастыруға әзір екендігін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Де Ла Хойя Альварестің Головкинге қарсы жекпе-жегін ұйымдастыруға әзір екендігін мәлімдеді

Де Ла Хойя Альварестің Головкинге қарсы жекпе-жегін ұйымдастыруға әзір екендігін мәлімдеді

Golden Boy Promotion промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя өзінің басты жұлдызы мексикалық

  • 19 Қазан 2015
  • 416
Фото - Caravan.kz

Сауль Канело Альварестің (45-1-1, 32 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге   (34-0, 31 КО) қарсы жекпе-жегін ұйымдастыруға қатысуға әзір екендігін мәлімдеді.

Головкинге  WBC (Interim) титулы тиесілі және ол Альварес-Котто жекпе-жегінің жеңімпазы ие болатын WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына негізгі үміткер.

«Альварес-Головкин айқасын неге ұйымдастырмасқа? Бұл жекпе-жек өтуі тиіс. Міндетті түрде. Бұған еш кедергі көріп тұрған жоқпын. Сауль онымен жекпе-жекке шыққысы келеді!» — деп Оскардың сөзін келтіреді   BoxingScene.com.

Сондай-ақ Де Ла Хойя әлемнің бұрынғы чемпионы Давид Лемьемен жекпе-жегі барысындағы Головкиннің мықтылығын ерекше атап өтті.


Еске салсақ, өткен сенбіде Головкин Лемьены мерзімінен бұрын жеңіп, өзіне тиесілі WBA (Super), IBO және WBC (Interim) титулдар коллекциясына IBF белдігін қосып алды.