Жарияланды: 550

Денис Тен бағын сынайтын «Trophée Eric Bompard» жарысының Гран-при кезеңі тікелей эфирде көрсетіледі

Денис Тен бағын сынайтын «Trophée Eric Bompard» жарысының Гран-при кезеңі тікелей эфирде көрсетіледі

13-15 қараша аралығында Францияның Бордо қаласында мәнерлеп сырғанауда Гран-при сериясының төртінші кезеңі «Trophée Eric Bompard» турнирі өтеді.

Жарысқа Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері қазақстандық Денис Тен қатысады.

Айта кетейік, ол өткен жылы осы жарыста 3-ші орын иеленген еді. Қазақстандық көрермен Бордодағы «Trophée Eric Bompard» жарысын «Kazsport» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай алады, деп хабарланған телеарна сайтында.

КӨРСЕТІЛІМ КЕСТЕСІ:

13 қараша
20:20. Мәнерлеп сырғанау. «trophée eric bompard» гран-при кезеңі. Әйелдер. Қысқа бағдарлама
22:15. Мәнерлеп сырғанау. «trophée eric bompard» гран-при кезеңі. Мұз үстіндегі би
23:40. Мәнерлеп сырғанау. «trophée eric bompard» гран-при кезеңі. Ерлер. Қысқа бағдарлама
01:35. Мәнерлеп сырғанау. «trophée eric bompard» гран-при кезеңі. Жұптар. Қысқа бағдарлама

14 қараша
23:20. Мәнерлеп сырғанау. «trophée eric bompard» гран-при кезеңі. Ерлер. Еркін бағдарлама
01:40. Мәнерлеп сырғанау. «trophée eric bompard» гран-при кезеңі. Жұптар. Еркін бағдарлама

15 қараша
07:35. Мәнерлеп сырғанау. «trophée eric bompard» гран-при кезеңі. Әйелдер. Еркін бағдарлама
09:40. Мәнерлеп сырғанау. «trophée eric bompard» гран-при кезеңі. Мұз үстіндегі би
19:20. Мәнерлеп сырғанау. «trophée eric bompard» гран-при кезеңі. Гала-шоу

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін