Депутат қазақстандық ойыншыларды «аула футболы жұлдыздары» деп бағалады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат қазақстандық ойыншыларды «аула футболы жұлдыздары» деп бағалады

Депутат қазақстандық ойыншыларды «аула футболы жұлдыздары» деп бағалады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Магеррам Магеррамов отандық футбол проблемасын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 11 Қазан 2017
  • 671
Фото - Caravan.kz

«ФИФА рейтингінде қазақстандық футбол 105-інші орыннан 126-ға төмендеді. Іріктеу кезеңдерінде ұлттық құраманың сәтсіз ойындары мен әлемдік рейтингте құлдырауы егжей-тегжейлі талқылауға себеп бола алмады. Біздің елде футболға, футболшыларға әрі олардың бапкерлеріне барлық жағдайлар жасалған. Қазақстандық қоғамда футбол клубтарына жұмсалған миллиондаған қаржылық шығындар мен біздің футбол жұлдыздарына төленетін шектен тыс гонорарлар мәселесі бірнеше мәрте талқыланған еді. Дегенмен де ойын деңгейі бойынша олар «аула футболының жұлдыздары» атануға лайық болып тұр. Отандық футболға қатысты жағдай алаңдатып отыр. Сондықтан бұл мәселені тез арада қарастырған жөн», — деді Магеррамов Мәдениет және спорт министрлігіне жолдаған сауалында.

Оның пайымынша, ұлттық құраманы басқаруға ТМД елдерінен бапкерлерді шақырту тәжірибесін доғару қажет. Бұл елдердің өзінде де ішкі чемпионаттары төмен деңгейде.

Депутаттың сөзіне қарағанда, футболшыларға шектен тыс гонорарларды қысқарту керек, сондай-ақ 7 жылға командалар құрамына шетелдік ойыншыларды қосуға лимит енгізу қажет.


«Шетел легионерлеріне рұқсат етілген көлемі айқындалуы тиіс, яғни бір клубқа 4 футболшы ескерілген жөн. Әр ойынға негізгі құрамға екі шетелдік футболшыдан артық емес көлемде ойыншыны қосу шектеуін енгізу керек. Бұл қадамдар отандық жас футболшылардың кәсіби біліктілігін дамытуды ынталандырар еді, сонымен қатар олардың  клубтық командалардың негізгі құрамында ойнауға әрі ұлттық құраманың намысын қорғауға мүмкіндік берер еді», — деп түйіндеді сөзін ол.

 

Соңғы жаңалықтар