Дина Исламбекова бокстан Азия чемпионатында алтын медальға ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.31
  • 555.54
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дина Исламбекова бокстан Азия чемпионатында алтын медальға ие болды

Дина Исламбекова бокстан Азия чемпионатында алтын медальға ие болды

Қазақстандық боксшы Дина Исламбекова Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.

  • 9 Сәуiр
  • 6
Фото: ҚБФ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

80 келіден жоғары салмақтың финалында Исламбекова үндістандық Алфия Патханға қарсы шаршы алаңға шықты.

Жекпе-жектің алғашқы раундынан-ақ Дина басымдықты өз қолына алды. Бастапқы үш минутта қарсыласын нокдаунға жіберді.

Одан кейін де отандасымыз рингтегі үстемдігін жалғастырды. Үшінші раундта ол тағы да қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде Исламбекова айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы 2026 жылғы Азия чемпионатын бес жүлдемен аяқтады. Надежда Рябец (80 келіге дейін) чемпион атанса, Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) күміс медальға ие болды. Ал Әйгерім Саттібаева (48 келіге дейін) мен Валентина Хальзова (75 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.