Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шахматтан ерлер және әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 6-16 маусым аралығында Қытайдың Синтай қаласында болды. Шахматшылар сыйақы қоры 85 мың доллар көлемінде болған бәсекеде бақ сынасты. Турнир швейцариялық жүйе бойынша, яғни 9 раундтан өтті. «Динара 15 елден келген 36 қарсыласынан басым түсіп, 9 мүмкіндіктен 7,5 ұпай жинады»,- деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясынан. Бұл бәсекеге Қазақстан үш шахматшыны: ерлер секциясынан — Ринат Жұмабаевты, ал әйелдерден — Динара Сәдуақасованы және Гүлмира Дәулетованы апарды.