Дияс Токио турнирінде голландиялық Кики Бертенспен кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дияс Токио турнирінде голландиялық Кики Бертенспен кездеседі

Дияс Токио турнирінде голландиялық Кики Бертенспен кездеседі

Қазақстанның бірінші, әлемнің 35-інші ракеткасы Зарина Дияс 14-20 қыркүйекте өтетін Токио турнирінің алғашқы айналымында голландиялық Кики Бертенспен күш сынасады.

  • 14 Қыркүйек 2015
  • 317
Фото - Caravan.kz


Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Токио турнирінің жүлде қоры — 226750 АҚШ доллары. К.Бертенс әлемдік сатыда 110-ыншы орында келеді, ал Зарина осы жарыстың екінші ракеткасы болып тіркелген. Токио турнирінің бірінші ракеткасы, испаниялық Карла Суарес-Наварро украиналық Катерина Бондаренкомен кездеседі. Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева осы жарыстың алтыншы ракеткасы, америкалық Кристина Макхэйлмен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік,  З.Дияс US Open турнирінде сәтсіз өнер көрсетіп, бірінші айналымда словениялық Полона Херцогтан ұтылып, жарыс жолынан шығып қалған болатын. Есесіне Уимблдон турнирінде осы US Open турнирінің жеңімпазы, италиялық Флавия Пеннеттаны жеңген еді. Қалай дегенде де, өткен жылғы US Open турнирінде үшінші айналымға дейін жеткен Зарина биыл сол табысын қайталай алмады. Бұл — рейтинг үшін аса қажетті ұпайларды жоғалтты деген сөз.  Енді қазақстандық теннисшіге Азияда өтетін жарыстарда барынша жақсы ойнау ғана қалып тұр. Өткен жылы Зарина Осака турнирінің финалында өнер көрсеткені белгілі.

Соңғы жаңалықтар