“Допинг тест оң нәтиже көрсетті”: Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегі өтпейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Допинг тест оң нәтиже көрсетті”: Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегі өтпейтін болды

“Допинг тест оң нәтиже көрсетті”: Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегі өтпейтін болды

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханның 7 желтоқсанға жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды.

  • 3 Желтоқсан
  • 238
Фото - Caravan.kz

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының допинг-тестінің оң нәтиже көрсеткенін ресми түрде растады. Қазір тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“WBO Жәнібек Әлімханұлының Эрисланди Лараға қарсы өтетін жоспарланған жекпе-жегі алдында VADA жүргізген тест нәтижелерінен тыйым салынған затқа қатысты жағымсыз талдау қорытындысы анықталғанын растады.

Қазіргі уақытта ішкі тексеріс жүргізіліп жатыр, және жақын уақытта «Show Cause Notice» (түсініктеме беру туралы ресми талап) жарияланады.

Процесс аяқталғанға дейін қосымша түсініктеме берілмейді”, — делінген ұйым жариялаған ақпаратта.

Спорт журналисі Аслан Қаженовтың сөзінше, Эрисланди Лараға қарсы Жәнібек Әлімханұлының орнына басқа боксшы таңдалып үлгерді.

“Басқа боксшы таңдалды!

Premier Boxing Champions ұйымдастырушылары Жәнібектің орнына жаңа қарсылас бекітілгенін хабарлады. Ол — 34 жастағы колумбиялық Йохан Гонсалес (36-4, 24 KO). 1 наурызда Гонсалес бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Джаррет Хердті жеңген. Ал Херд кезінде Эрисланди Лараға да жеңіліс әкелген боксшы”, — деп жазды ол.

Боксшының өзі аталмыш жағдайда туралы әлеуметтік желіде жазба жариялап, алғашқы сынамалардың таза шыққанын айтты.

“Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып таң қалып отырмын. VADA бірінші рет анализ алып бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз!”, — деп жазды ол.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера