Допты хоккей: «Ақжайық» сырт айдындағы екі ойында жеңіліс тапты
Допты хоккейден Ресей чемпионатының жоғары лигасының екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» 4 және 5 желтоқсан күндері кезекті ойындарын өткізді. |
Бұл жолы оралдықтар Екатеринбургте жергілікті «СКА-Свердловск» командасымен күш сынасты. Тартысты өткен алғашқы ойында оралдықтар 3:4 есебімен ұтылса, екінші кездесуінде 3:5 есебімен есе жіберді. Бұл ойындарда оралдықтар сапынан Дмитрий Кармак пен Дмитрий Пономаренко қос-қостан доп соғып, көзге түсті. Сұлтан Қадыржанов пен Николай Шавалдин бір-бір доптың авторы атанды.
Енді «Ақжайық» 8-9 желтоқсан күндері Краснотурьинскіде «Динамо-Маякпен» екі ойын өткізіп, Оралға оралады. Оралдықтардың өз айдынындағы алғашқы кездесулері 15-16 желтоқсанға белгіленген. Мұнда олар «Динамо-Қазан-2» командасымен шеберлік таластырады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін