Допты хоккей: «Ақжайық» сырт айдындағы екі ойында жеңіліс тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Допты хоккей: «Ақжайық» сырт айдындағы екі ойында жеңіліс тапты

Допты хоккей: «Ақжайық» сырт айдындағы екі ойында жеңіліс тапты

Допты хоккейден Ресей чемпионатының жоғары лигасының екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» 4 және 5 желтоқсан күндері кезекті ойындарын өткізді.

  • 5 Желтоқсан 2012
  • 523
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы оралдықтар Екатеринбургте жергілікті «СКА-Свердловск» командасымен күш сынасты. Тартысты өткен алғашқы ойында оралдықтар 3:4 есебімен ұтылса, екінші кездесуінде 3:5 есебімен есе жіберді. Бұл ойындарда оралдықтар сапынан Дмитрий Кармак пен Дмитрий Пономаренко қос-қостан доп соғып, көзге түсті. Сұлтан Қадыржанов пен Николай Шавалдин бір-бір доптың авторы атанды.

Енді «Ақжайық» 8-9 желтоқсан күндері Краснотурьинскіде «Динамо-Маякпен» екі ойын өткізіп, Оралға оралады. Оралдықтардың өз айдынындағы алғашқы кездесулері 15-16 желтоқсанға белгіленген. Мұнда олар «Динамо-Қазан-2» командасымен шеберлік таластырады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера