Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» көш бастаушы команданы 3:1 есебімен ұтты
23 желтоқсан күні допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында ойнайтын |
Оралдың «Ақжайығы» «Жастық» стадионында Орынбордың «Локомотивімен» екінші кездесуін өткізді.
Басқа командалардан оқ бойы озық келе жатқан командамен ойынын «Ақжайық» бұл жолы сәтті өткізді. 20-минутта Александр Шавалдин қонақтардың қақпасын дәл көздесе, 44-минутта Дмитрий Пономаренко есепті 2:0-ге жеткізді. Екінші таймда орынборлықтардан Денис Нохрин 77-минутта есепті қысқартқанымен, 85-минутта тағы да А.Шавалдин ойын нүктесін қойды. Сөйтіп «Ақжайық» өз тобындағы күшті командалармен де тайталаса алатынын көрсетті.
Бұл турдан кейін 14 ұпай жинаған оралдықтар келесі ойындарын 8-9 қаңтарда өз айдынында турнир кестесінде екінші орында келе жатқан Саратовтың «Универсалымен» өткізеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін