Д.Қартықов Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізді
![]() |
Лас-Вегаста грек-рим, еркін және әйелдер арасындағы күрес бойынша чемпионат басталды. |
Жүлделі орындардың медальдарынан бөлек палуандар әр олимпиадалық салмақта алты палуан өз елі үшін Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына жолдама алады.
Бүгін 75 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық Досжан Қартықов бүгін жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлады ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресінің федерациясынан. Квалификацияда ол украиндық Дмитрий Пышковты (4:2), кейін Молдова өкілі Игорь Бислягты (6:0) жеңді. Күтпеген жерден әлем чемпионы мен Олимпиада ойындарының жеңімпазы оңтүстіккореялық Хенву Кимнен (4:2) басым түсті.
Күшінің басым бөлігін бұл кездесуде жұмсаған Досжан ширек финалда олимпиада чемпионы Ресей спортшысы Роман Власовтан жеңілді. Кейін Қартықов 2014 жылғы әлем чемпионы армениялық Арсен Джулфалакянды жерге жықты (5:2).
Нәтижесінде Досжан Қартықов Қазақстан үшін Олимпиадаға деген алғашқы жолдаманы ұтып алды.
Сондай-ақ ол әзірбайжандық Эльвин Мұрсалиевпен жекпе-жекте қола медаль еншіледі.

Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін