Д.Қартықов Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Д.Қартықов Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізді

Д.Қартықов Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізді

Лас-Вегаста грек-рим, еркін және әйелдер арасындағы күрес бойынша чемпионат басталды.

  • 8 Қыркүйек 2015
  • 487
Фото - Caravan.kz

Жүлделі орындардың медальдарынан бөлек палуандар әр олимпиадалық салмақта алты палуан өз елі үшін  Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына жолдама алады. 

Бүгін 75 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық Досжан Қартықов бүгін жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлады ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресінің федерациясынан. Квалификацияда ол  украиндық Дмитрий Пышковты (4:2), кейін Молдова өкілі Игорь Бислягты (6:0) жеңді. Күтпеген жерден әлем чемпионы мен Олимпиада ойындарының жеңімпазы оңтүстіккореялық Хенву Кимнен (4:2) басым түсті.

Күшінің басым бөлігін бұл кездесуде жұмсаған Досжан ширек финалда олимпиада чемпионы Ресей спортшысы Роман Власовтан жеңілді. Кейін Қартықов 2014 жылғы әлем чемпионы армениялық Арсен Джулфалакянды жерге жықты (5:2).


Нәтижесінде Досжан Қартықов Қазақстан үшін Олимпиадаға деген алғашқы жолдаманы ұтып алды.

Сондай-ақ ол әзірбайжандық  Эльвин Мұрсалиевпен жекпе-жекте қола медаль еншіледі.

null

Соңғы жаңалықтар