”Дұғада болыңыздар”: Назым Қызайбай Әлем чемпионатына дайындығы туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Дұғада болыңыздар”: Назым Қызайбай Әлем чемпионатына дайындығы туралы

”Дұғада болыңыздар”: Назым Қызайбай Әлем чемпионатына дайындығы туралы

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай оқырмандарынан өзі үшін дұғада болуды сұрады.

  • 12 Тамыз
  • 92
Фото: Назым Қызайбайдың Instagram парақшасынан алынды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Спортшы өзінің Instagram парақшасында алдағы әлем чемпионатына дайындалып жатқанын және 4 дүркін чемпион атануды жоспарлап жүргенін мәлімдеді.

«21 күн бойы тер төгіп, жанымызды салдық. Жалпы физикалық дайындықтың кезеңі аяқталды. Жақсы жаттығулар өтті. Алда техникалық және тактикалық жұмыстар басталады. Әлем чемпионатына дейін небәрі 25 күн, дайындықты үйде жалғастырамыз. Чемпион болу қиын, чемпиондықты сақтап қалу одан да қиын демекші, әлемнің 4 дүркін чемпионы болу үшін еңбектеніп жатырмын, бұйырса бәрі оңды болып, бағымыз бен бабымыз бірге шауып, жақсы нәтижеге жетсек екен. Сіздер де әр күн дұғада болыңыздар, құрметті оқырмандарым», – деп жазды Назым Қызайбай.

Боксшыға желі қолданушылары мен оқырмандары сәттілік тілеуде.

”Бұйырса еңбегіңнің жемісін көріп, әлемнің 4 дүркін чемпионы бол”, “Үздіксіз дұғадамыз”, “Саған сарқылмас күш-қуат тілейміз”, “Жарайсың! Еңбегің жансын”, — деп жазды олар.

Еске сала кетейік, әйелдер арасындағы алғашқы ресми әлем чемпионаты 2025 жылғы 4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласындағы M&S Bank Arena кешенінде World Boxing халықаралық федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера