Жарияланды: 610

Джейкобс Головкинді орта салмақтың үздігі деп атады

Джейкобс Головкинді орта салмақтың үздігі деп атады

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Дэниел Джейкобс болашақта Геннадий Головкинге қарсы реванш өткізуге, сондай-ақ Сауль Альварес пен Джермалл Чарломен жұдырық түйістіруден үмітті екенін білдірді, деп жазады Sports.kz.

«Бокстың өз саясаты бар, ол - қомақты ақша түсетін жекпе-жектер. HBO-мен бірге өзімнің болашағымды қорғауға әрекет етемін. Қазір менде бұлармен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі жоқ, өйткені олар өздерінің келісімшартын орындайды. Бірақ олармен бір тележелідеміз... Мен әлі де GGG орта салмақтың үздігі деп санаймын. «Канело» онымен тең дәрежеде жұдырықтасты деп ойламаймын, меніңше ол үш раундта жеңілді. Джермалл Чарло да менің тізімімде бар. Мен үздік боксшыларға қарай бара жатырмын. Олардың кез келгенімен жұдырықтасуға дайынбыз. Оның ішінде Чарло да бар, сене беріңіз, мен «Канелоны» да тоқтатамын», - дейді Джейкобс Boxingnews24.com-ға берген сұхбатында.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін