Дзюдодан Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде ел намысын кімдер қорғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 501.79
  • 595.07
-6 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дзюдодан Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде ел намысын кімдер қорғайды

Дзюдодан Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде ел намысын кімдер қорғайды

Қараша айының 28-30 күндері аралығында Абу-Дабиде Grand Slam турнирі өтеді.

  • 27 Қараша 2025
  • 86
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дзюдодан Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының соңғы тізімі жарияланды. Аталмыш додада 14 қазақстандық балуан жүлдеге таласады. Нақтырақ айтсақ, еліміздің әйелдер құрамасынан 3 балуан белдессе, ерлер санатында 11 спортшы татамиге шығады.

Соның ішінде 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев та бар.

Ерлер

60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан 

66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев

73 келіге дейін: Есет Қуанов

81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Азат Күмісбай

90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков

100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров

100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев

Әйелдер

48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова

57 келіге дейін: Бақыт Құсақбаева

63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова

Турнир 28-30 қараша аралағында өтеді.