Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Федерацияның мәлімдеуінше 6-8 наурыз күндері Австрияда (Линц) дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі өтеді. Үш күнге созылатын жарысқа әлемнің 62 елінен 503 спортшы қатысады деп жоспарлануда.
Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Роберт Мшвидобадзе Olympic.kz-ке берген сұхбатында Әбиба Әбужақынованы тұмауратып қалғанына байланысты жаттығудан уақытша босатқанын айтқан.
«Дайындық жұмыстары ойдағыдай өтті. Балуандардың барлығы сақадай сай. Жаттығу үдерісіне айтарлықтай өзгеріс енгізілген жоқ. Тек Әбиба Әбужақынованы тұмауратып қалғанына байланысты жаттығудан уақытша босаттық. Жалпы дайындық жоспарға сай өтті. Алдағы жарыста дзюдошыларымыздың өнерін көріп, кейінгі дайындық бағытын айқындаймыз.
Ұлттық құрама сапында түбегейлі өзгерістер жоқ. Дегенмен бірқатар жас спортшы негізгі құрамға қосылды. Бұл, әрине, бізді қуантады. Бәрі де болашағынан үміт күттіреді. Жұмысты жүйелі түрде жалғастырамыз. Көп ұзамай олар да нәтиже көрсетеді деп ойлаймын.
Біз турнирлерге қатысатын құрамды тек толық дайын спортшылардан жасақтаймыз. Ол үшін бапкерлер штабы бірлесе отырып, әр балуанның жағдайын жіті бақылап отырады: кім бабында, кім жаттығуда өзін жақсы қырынан көрсетіп жүр — сол спортшылар жарыс тізіміне енгізіледі», — деді ол.
Әйелдер:
-48 кг: Абиба Абужақынова, Диана Буркеева
-57 кг: Дана Абдирова, Бақыт Құсақбаева
-63 кг: Эсмигүл Куюлова
-70 кг: Ажар Асхат
+78 кг: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова
Ерлер:
-60 кг: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов
-66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
-73 кг: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов
-81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
-90 кг: Айдар Арапов
-100 кг: Марат Байкамуров, Нұрлыхан Шархан
+100 кг: Жантілек Нұртілепұлы