Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Францияның Париж қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын ұлттық құрамалардың алдын ала тізімін жариялады.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының сапына сегіз спортшы енді.
48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова
60 келіге дейін: Шерзод Давлатов
66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар
90 келіге дейін: Айдар Арапов
100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров