ДЗЮДО: Айболат Ыстыбай әлем чемпионы атанды
![]() |
Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында кадеттер арасында дзюдодан өтіп жатқан әлем біріншілігінде |
50 келі салмақ дәрежесінде Айболат Ыстыбай чемпион атанды.
Ол бес кездесуінің төртеуін «иппон» ұпайымен ұтты. Ақтық кездесуінде де итальяндық Бьяджо д'Анджелоға қарсы әдемі әдіс жасауы арқылы «иппон» ұпайын иеленіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Дзюдо федерациясынан.
Жарысқа әлемнің 59 елінен 500-ге тарта спортшы қатысуда. Байрақты бәсеке тамыз айының 8-ші жұлдызына дейін жалғасады.
Жарыс нәтижелері:
Жасөспірімдер (50 келіге дейін)
1. Айболат Ыстыбай (Қазақстан)
2. Бьяджо д'Анджело (Италия)
3. Нармандах Баянмунх (Моңғолия)
3. Казбек Нагучев (Ресей)
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін