Дзюдошы Елдос Сметов әлемдік рейтингтің көшін бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дзюдошы Елдос Сметов әлемдік рейтингтің көшін бастады

Дзюдошы Елдос Сметов әлемдік рейтингтің көшін бастады

Дзюдодан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері және әлем чемпионы Елдос Сметов Халықаралық дзюдо федерациясының тізген жаңа рейтингі бой

  • 26 Қаңтар 2017
  • 344
Фото - Caravan.kz

Дзюдодан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері және әлем чемпионы Елдос Сметов Халықаралық дзюдо федерациясының тізген жаңа рейтингі бойынша 60 келі салмақта көш бастады, деп хабарлайды  Vesti.kz.

Халықаралық дзюдо федерациясы 2017 жылғы бірінші әлемдік рейтинг тізімін 23 қаңтар күні жариялады. Сол тізім бойынша тараздық оғланымыз 1852 ұпай жинап, рейтингтің көшін бастап тұр. Екінші орында өзбек өрені Диорбек Оразов. Оның еншісінде 1772 ұпай. Өткен жылы 60 келі салмақта әлемдік рейтингке бірінші орында тұрған әзірбайжан дзюдошысы Орзан Сафаров жаңартылған тізімде үшінші орынға түсіп қалыпты. Орхан Илхамұлының қоржынында да 1772 ұпай бар.

60 келі салмақтағы әлемнің үздік деген дзюдошыларының қатарында тағы бір отандасымыз бар. Ол — Рустам Ибраев. Ақтөбелік дзюдошымыз 1010 ұпаймен, 14 орынға жайғасыпты.



 

Соңғы жаңалықтар