Едіге Қасымбек еркін күрестен әлем чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Едіге Қасымбек еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Едіге Қасымбек еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Едіге Қасымбек еркін күрестен 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

  • 19 Тамыз 2025
  • 141
Фото: Olympic.kz

Болгарияның Самоков қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Жерлесіміз 125 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында Иран өкілі Абольфазл Мохаммад Нежадты айқын басымдықпен жеңді.

Ал, Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Самир Дурсунов (97 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар.