Элизабет Тұрсынбаева АҚШ-та және Қытайда өтетін жарыстарда өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Элизабет Тұрсынбаева АҚШ-та және Қытайда өтетін жарыстарда өнер көрсетеді

Элизабет Тұрсынбаева АҚШ-та және Қытайда өтетін жарыстарда өнер көрсетеді

Халықаралық мәнерлеп сырғанаушылар одағы (ISU) 2019/2020 жылғы маусымға арналған Гран-при турнирлерінің тізімін жариялады.

  • 21 Маусым 2019
  • 42
Фото - Caravan.kz


Жарысқа қатысушылар қатарында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева да бар, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гран-при турнирлерінің тізімін Skate America бастайды. Аталған турнир 18-20 қазанға жоспарланған. 25-27 қазанда Гран-при турнирі аясындағы Skate Canada, 1-3 қарашада Internationaux de France, 8-10 қазанда Cup of China, 15-17 қарашада Rostelecom Cup, 22-24 қарашада NHK Trophy бәсекелері өтеді. Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева екі жарысқа қатысады. Ол Skate America және Cup of China турнирлерінде бақ сынайды. Америкадағы дүбірлі сында Тұрсынбаеваның басты қарсыластары ресейлік Анна Щербакова мен Елизавета Туктамышева, жапониялық Каори Сакомото мен Вакаба Хигучи атанбақ. Қытайдағы турнирде бұл тізімге Сатоко Мияхара (Жапония) мен Габриэль Дэйлман (Канада) қосылады. Еске сала кетейік, Элизабет Тұрсынбаева биыл Жапонияның Сайтама қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ол әйелдер арасындағы ресми турнирде төрт айналым сальховты орындаған алғашқы спортшы.
 

Соңғы жаңалықтар