Элизабет Тұрсынбаева - Сыр елінде - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Элизабет Тұрсынбаева - Сыр елінде

Элизабет Тұрсынбаева - Сыр елінде

Әлемдік спорт ареналарында еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның спорт шебері Элизабет Тұрсынбаева және оның ата-анасы, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Садық Мұстафаевтың қатысуымен брифинг өтті.

  • 18 Желтоқсан 2015
  • 514
Фото - Caravan.kz


Лиза алғаш  спорттық жолын 2005 жылы Мәскеу қаласының «Москвич» эксперименттік жоғары спорт шеберлігі мектебінде бастаған. 2013 жылдан бері оны Торонтода канадалық бапкер Брайан Орсер жаттықтырып жүр. Ал қаршадай қыздың Қазақстанды дүние жүзіне танытып жүргеніне себепкер бірден-бір адам — оның әкесі мен анасы. 

— Бұл кісілердің бірі — Лизаның бапкері болса, бірі — менеджері, — деді облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы.
Осы ретте Садық Мұстафаев облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың әрі әдемі, әрі күрделі спорт түрінің үлкен жанашыры, жанкүйері екенін атап өтті. Жергілікті басшылық тарапынан оған қолдау да жоғары. 
— Мұз үстінде мәнерлеп сырғанау спорт қана емес, ол — бір жағынан үлкен ғылым. Біз қызымыздың әлі де биік шыңдардан көрінуіне күш саламыз, — деді Лизаның әкесі Байтақ Тұрсынбаев.
Элизабеттің өнеріне қолдау білдіріп, қаржылай демеуші боп жүрген «ҚазГерМұнай» компаниясының басшылығына отбасының ризашылығы шексіз.
— Алда талай сын күтіп тұр. Келесі жылы Норвегияда, Венгрияда, Бостонда (АҚШ) жасөспірімдер чемпионаттары өтеді. Дайындық қызу жүріп жатыр, — деген Элизабет Тұрсынбаева жерлестерінің қолдауына алғысын жеткізді. 
Лиза өзінің өмірін спорттың осынау нәзік түрімен байланыстырады. Уақытының көп бөлігін соған арнайды.
— Қызым бос уақытында музыка мектебіне барып, скрипкадан білім алды. Спорттан оның жеңімпаз атанатынына ешқандай күмәнім жоқ, — деді Лизаның анасы Падишахан Сұлтанәлиева.
Элизабет 20-21 желтоқсанда Қызылордадағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде өтетін ел чемпионатына облыс атынан қатысады.