"Эль-класикода" "Барселона" жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Эль-класикода" "Барселона" жеңіске жетті

Футболдан Испания чемпионатының ХХХІІІ тур ойындарында "Реал" мен "Барселона" кездесті. Мадридте өткен ойында каталондық клуб 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ойында бірінші болып "Реал" ойыншылары есеп ашқан. 28 минутта Карлос Каземиро гол соқты. Араға 5 минут сала Лионель Месси есепті теңестірді. Осылайша командалар бірінші таймда тең тарқасты.

Екінші тайм қос команданың ширақ шабуылдарымен басталды. Бірақ командалар жылдам гол соға алған жоқ. 73 минутта барып қана есеп өзгерді. Иван Ракитич "блаугрананы" алға шығарды. Ал 77 минутта "Реал" капитаны Серхио Рамос қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

82 минутта алаңға Карим Бенземаның орнына шыққан Хамес Родригес араға 3 минут сала есеп теңестіріп, жергілікті жанкүйерлерді қуантты. Десе негізгі уақытқа қосылған қосымша минуттарда Лионель Месси "Барселонаға" жеңіс сыйлаған голды соғып кетті.

  • 24 Сәуiр 2017
  • 303
Фото - Caravan.kz

Футболдан Испания чемпионатының ХХХІІІ тур ойындарында "Реал" мен "Барселона" кездесті. Мадридте өткен ойында каталондық клуб 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ойында бірінші болып "Реал" ойыншылары есеп ашқан. 28 минутта Карлос Каземиро гол соқты. Араға 5 минут сала Лионель Месси есепті теңестірді. Осылайша командалар бірінші таймда тең тарқасты.

Екінші тайм қос команданың ширақ шабуылдарымен басталды. Бірақ командалар жылдам гол соға алған жоқ. 73 минутта барып қана есеп өзгерді. Иван Ракитич "блаугрананы" алға шығарды. Ал 77 минутта "Реал" капитаны
Серхио Рамос
қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

82 минутта алаңға Карим Бенземаның орнына шыққан Хамес Родригес араға 3 минут сала есеп теңестіріп, жергілікті жанкүйерлерді қуантты. Десе негізгі уақытқа қосылған қосымша минуттарда Лионель Месси "Барселонаға" жеңіс сыйлаған голды соғып кетті.

Соңғы жаңалықтар