Сондықтан да 2016 жылы онымен күш сынасуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы GGG-дің ВКонтакте желісіндегі ресми тобының парақшасындахабарлады.
«Маған оның чемпиондық белдіктері ұнайды. Әдемі. Мен оның белдіктерін тартып алғым келеді. Ол да менікін алуға қарсы емес», — деді ол.
«Мен онымен 18 жасымда бозбала кезімде әуесқой бокста кездескем. Бірақ ол кезде оның әлем чемпионы екенін білмедім. — Маған ол жекпе-жек өте қиын болды. Бірақ уақыт өтті. 14 жыл артта қалды, екеуміз де есейдік. Головкин — мықты боксшы, ол өзінің қарсыластарының барлығын тізе бүктірді. Бірақ ол мен сияқтылармен әлі кездескен жоқ. Менің соққыларымның күші Головкиннен осал емес. Ол мен сияқтылармен кездескен кезде не болатынын көреміз», — деді Ли.