Энди Ли: Головкиннің белдіктерін иеленгім келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Энди Ли: Головкиннің белдіктерін иеленгім келеді

Энди Ли: Головкиннің белдіктерін иеленгім келеді

Орта салмақтағы (72,6 кг дейін) WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Энди Ли өзінің соққыларының күші Головкиннен осал емес деп санайды.

  • 28 Қазан 2015
  • 408
Фото - Caravan.kz


Сондықтан да 2016 жылы онымен күш сынасуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы GGG-дің ВКонтакте желісіндегі ресми тобының парақшасындахабарлады.

«Маған оның чемпиондық белдіктері ұнайды. Әдемі. Мен оның белдіктерін тартып алғым келеді. Ол да менікін алуға қарсы емес», — деді ол.

«Мен онымен 18 жасымда бозбала кезімде әуесқой бокста кездескем. Бірақ ол кезде оның әлем чемпионы екенін білмедім. — Маған ол жекпе-жек өте қиын болды. Бірақ уақыт өтті. 14 жыл артта қалды, екеуміз де есейдік. Головкин — мықты боксшы, ол өзінің қарсыластарының барлығын тізе бүктірді. Бірақ ол мен сияқтылармен әлі кездескен жоқ. Менің соққыларымның күші Головкиннен осал емес. Ол мен сияқтылармен кездескен кезде не болатынын көреміз», — деді Ли.

Соңғы жаңалықтар