Энтони Джошуа Александр Поветкинді нокаутқа түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Энтони Джошуа Александр Поветкинді нокаутқа түсірді

Энтони Джошуа Александр Поветкинді нокаутқа түсірді

Олардың жекпе-жегі Лондондағы 90 мың адамға арналған "Уэмли" стадионында өтті.

  • 23 Қыркүйек 2018
  • 27
Фото - Caravan.kz

Супер ауыр салмақта WBA (Super), WBO, IBF және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуа ресейлік Александра Поветкинді жеңді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың жекпе-жегі Лондондағы 90 мың адамға арналған "Уэмли" стадионында өтті. Бокс кешінің басты жекпе-жегінде екі Олимпиада чемпионы кездесті: Поветкин 2004 жылы жеңді, ал Джошуа — 2012 жылы Лондонда.

Бірінші раунд соңында Поветкин Джошуаны таңғалдыра білді, ал екінші раундта ұлыбританиялық боксшының мұрнынан қан кетті. Төртінші раундтың орта тұсында чемпион қарсыласымен теңесті, ол оның сол көзінің маңайын жарып жіберді.

Жекпе-жек жетінші раундта аяқталды, Джошуа ресейлік боксшы нокдаунға түсірді, ал артынша қорытынды соққылар комбинациясын жұмсап жатқанда, рефери кездесуді тоқтату керектігін айтты. Алайда ол бір соққы жіберіп үлгердлі, ресейлік екінші мәрте құлады.

Осылайша, Джошуа алтыншы рет IBF белбеуін, үшінші рет — WBA (Super) мен IBO және бірінші рет WBO белбеуін сәтті қорғады. Поветкин үшін бұл кездесу екінші рет чемпион атануға мүмкіндік еді — бірінші мүмкіндігінде 2013 жылы қазанда төрт рет нокдаунға түсіп, украиналық Владимир Кличкодан (64-5, 53 КО) жеңілген еді.



Фото: Reuters/Andrew Couldridge

28 жастағы Джошуа спорттық мансабында 22 кездесуде 22 рет жеңіске жетті — оның 21-і нокаутпен. 34 кездесу өткізген Поветкин екінші рет жеңілді.

 

 

 


Жекпе-жектің толық видеосы:

Соңғы жаңалықтар