Жарияланды: 1 144

Екі боксшымыз Исламиаданың финалына шықты

Екі боксшымыз Исламиаданың финалына шықты Сурет - trend.az

Бакудегі Ислам ойындарында жартылай финалға шыққан бес боксшымыздың үшеуі жеңіліп қалды.

Қуат Қуатов (64 кг) өзбек боксшысы Алиер Норалиевке жол берсе, Сұлтан Зәуірбек (60) әзірбайжандық Джавид Чалабиевтен ұтылып қалды. Илья Очкин (69) да ринг қожайыны Тамерлан Абдуллаевқа есе жіберді.

75 келіде Тұрсынбай Құлахмет камерундік Дьедонн Сеуи Нсенгвені 5:0 есебімен сенімді жеңді. Ол енді бүгін финалда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, әзірбайжандық Камран Шахсуварлымен күш сынасады.

52 келіде Азат Махметов болса, финалға жекпе-жексіз өтті. Қарсыласы алжирлік Усама Морджоне кездесуге шықпады. Ол бүгін Лондон Олимпиадасына қатысқан марокколық Абдельали Дараа қолғап түйістіреді.

Пікір қалдырыңыз

Қонақ 19 мая

Алға ааа.қазақстан.жарайсыңдар жігіттер.

Сіздің пікіріңіз,

[X]