Екі елдің футбол командалары Анталияда қарағандылықтардан жеңіліс тапты
Кеше Түркияның Анталия қаласында екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қарағандының «Шахтер» футбол командасы |
Түркияның Сивс қаласының «Силивриаспор» және Болгарияның Гоце-Делчев қаласының «Пиран» командасымен спаррингтік кездесу өткізді. Онда Виктор Кумыков жаттықтыратын қарағандылық аяқдопшылар түркиялықтардан 5:0, ал болгарлардан 1:0 есебімен басым түсті.
Енді олар 13 қаңтарда Германияның «Сандхаузен», 16-сы - Ресейдің «Салют», 22, 24-і күндері Украинаның «Говерла» және «Заря» командаларымен кездеспек. Жалпы қарағандылықтардың 3 қаңтарда басталған бұл жиыны 26 қаңтарда аяқталмақ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін